Наталья Садықова украиналық полицейлерге құрметінің шексіз екенін жеткізді.
Украина полициясы қастандыққа ұшыраған оппозиционер Айдос Садықты өлтірмек болған қылмыскерлер ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Олардың біреуі – 33 жастағы Мейрам Қаратаев, екіншісі – 36 жастағы Алтай Жақанбаев.
«Мейрам Қаратаевқа қатысты: оның 2019 жылдың қаңтар айында ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз. Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жедел іс-шаралар жүргізудеміз. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі», – делінген ІІМ хабарламасында.
Айдосы Садықтың әйелі Натальяның сөзінше, Мейрам Қаратаев ІІД қызметкерлер арасында оқ ату жарысында бірінші орынды иеленген.
Наталья Садықова украиналық полицейлерге құрметінің шексіз екенін жеткізді.
Еске салайық, Айдос Садықов 2014 жылдан бері Киевте тұрады және Қазақстанның қазіргі билігін, оның ішінде қазіргі ел президентін қатты сынаған. Ол 2022 жылдың қаңтарында болған Қазақстандағы наразылық акцияларын белсенді түрде қолдаған еді.