Астанада екі жасар баланы күтушісі тұншықтырып өлтірген

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Астанада екі жасар баланы күтушісі тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желіде оқиға туралы ақпарат пайда болды. Онда екі жасар бала тұншығудан қайтыс болғаны айтылған. Кісі өлтірді деген күдікпен 38 жастағы бала күтуші ұсталды.

Полиция бұл фактіні растады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Астана ПД хабарламасында.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.