Бишімбаев пен Байжанов ісі бойынша апелляция қайтадан тікелей эфирде көрсетіледі

Qaz365.kz редакциясы

Сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жоғарғы соттың мәліметінше, судьяның 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10:00-ге белгіленді. Ал сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді, - делінген мәліметте.

Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.