«ІІМ-ге өзі хабарласты»: Киевте Садықовқа қастандық жасау ісіндегі күдіктінің бірі ұсталды

Qaz365.kz редакциясы
Айдос Садыков (Фото: Aidos Sadykov / X)

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы күдіктінің бірі – Жақанбаев ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратурамен ағымдағы жылдың 18 маусымында Киев қаласында орын алған А. Садыковты өлтіруге оқталу дерегі боынша қылмыстық іс тіркелген. Украинаның құқыққорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсете отырып, қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтады. Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жаканбаев пен Каратаевтың жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады», - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 21 маусымда А.М. Жақанбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынған. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған. М. Каратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

«Тергеудің мүддесіне орай басқа ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.