Дағыстанда шіркеуге шабуыл жасалды: көз жұмғандар бар

Qaz365.kz редакциясы

Белгісіз адамдар шіркеуге оқ жаудырып, Дағыстандағы синагоганы өртеп жіберген

Видеокадр

Дербентте белгісіз адамдар синагога мен шіркеуге оқ жаудырды. Полицияның бір қызметкері қаза тауып, алтауы жараланды. Күдіктілер көлікке мініп, із жасырып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

— Күдіктілер ақ түсті Volkswagen Polo-мен қашып кетті. Жағдайдың мән-жайы нақтыланып жатыр. Қаза тапқан және жараланған полиция қызметкерлері туралы ақпарат та анықталуда, - деп хабарлады әуелі РФ ІІМ.

Кейін тараған ақпаратқа қарағанда, діни қызметкер мен шіркеу күзетшісі өлтірілген. Бұл жайлы Дағыстан қоғамдық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Хадулаев ақпарат таратты.