Жұма күні кешке отшашу атылған чартерлік яхта да тәркіленген
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған», - деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске сала кетейік, қазақстандық туристер яхтада отшашу атып, Грекиядағы аралды өртеп жібергені туралы бірнеше бұқаралық ақпарат құралы жазған еді. Тіпті олардың арасында қазақстандық олигарх Данияр Әбілғазин де болуы мүмкін екені жазылған. Грекияның Гидра аралында 13 қазақстандық турист жағалауда тұрған яхтадан отшашулар атып, ауқымды орман өртін тудырды, деп хабарлайды ProNews порталы.
Жұма күні кешке отшашу атылған чартерлік яхта да тәркіленген.