Алматыдағы саябақта өз-өзіне қол жұмсаған адам бірінші өз баласын тұншықтырып тастаған

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Видеокадр

Аттракционның төбесінен секірмес бұрын жас келіншектің баласын тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі қыз баланың денесі табылғанын растаған.

«Кәмелетке толмаған баланың өлім фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді полициядан.

Сондай-ақ қайтыс болған әйел Алматы облысы Іле ауданында тұратыны хабарланды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жас ана аттракционнан құлап, мерт болған еді. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Қалалық полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.