Қазтелерадио қазақстандықтарға ескерту жасады

Qaz365.kz редакциясы

Азаматтарға ескерту

Фото: depositphotos/Syda_Productions

Қазтелерадио алаяқтардың тұрғындарға хабарлама жіберуі жиілеп кеткенін еске салып, сақтық шараларына шақырды, деп хабаралайды Qaz365.kz.

«Компанияның барлық жұмыскерлері мен серіктестерін қырағылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз. Қоғам басшыларының атынан белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға немесе қоңырауларға жауап бермеңіз. Қоғам басшылығынан немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (Министрліктің) жұмыскерлерінен келіп түсуі мүмкін сұрау салулар бойынша құпия деректерді, құжаттарды немесе ақшалай қаражатты олардың өзіңізге белгілі нөмірлері арқылы жеке әңгімелесу барысында алдын ала келісіп алмай, жібермеңіз», – делінген хабарламада.

Компания осындай хабарламалар мен қоңыраулар алған жағдайда нөмірді бұғаттауды және бұл туралы Қоғамның Қауіпсіздік қызметіне мына байланыс нөмірі арқылы хабарлауды сұрайды: 8 (727) 2444500, ішкі 1160.