Түркістан облысында балабақшада балалар жаппай уланып қалды

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Оқиға Келес ауданында болған. Ал полиция іс қозғап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалардың улану жағдайын Түркістан облысы білім басқармасына назарына алғанын хабарлайды. 24 маусым күні таңғы астан кейін сағат 11.00-лер шамасында балалар өздерін жайсыз сезіне бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, 34 бала астан уланған.

"Бөбекжай-балабақша қызметкерлері  дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы дәрігерлік көмектер көрсетілген. Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлайды басқарма. 

Таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы, сүттің құрамы сараптамаға жіберілген. Ауруханаға жөнелтілген балалардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды.