Алматы әуежайындағы такси жүргізушілері жауапкершілікке тартылды
Әуе айлағының тұрақтарында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматы әуежайындағы такси жүргізушілері жауапкершілікке тартылды. Анықталған бұзушылықтар туралы деректерді ІІМ жариялады.
«Алматы қалалық халықаралық әуежайы – қаланың көрікті жерінің бірі. Сондықтан оның аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері аталған салада ҚР ӘҚбК-нің 449-бабының нормаларын бұзу бойынша 124 дерек, сондай-ақ ҚР ӘҚбК-нің 163-бабы бойынша 13 дерек анықталды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережесін бұзған мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды», – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақыт Мырзағали.
Тәртіп сақшылары шетелдік туристерді алдаудың алдын алу үшін тасымалдаушылармен үнемі әңгімелесіп отыратынын атап өтті. Басты мақсат – олардың тарапынан азаматтар мен шетелдіктерге қатысты заңсыз әрекеттердің алдын алу.