Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек халықтан шұғыл көмек сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Ол анасын іздеуден әлі де үмітті

Фото: әлеуметтік желіден

Еуропадан туған анасын іздеп, Қазақстанға келген Жәнібек Савельев  журналистерден көмек сұрады. Ол Qaz365.kz порталының ресми парақшаларындағы мессенджерге хат жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Мен 2023 жылдың соңында Қазақстанға  туған анамды іздеп бардым.Соңғы айларда біз анамды табуға көмектесетін көптеген мәліметке қол жеткіздік. Мысалы, «Бармысың, бауырым?» редакциясы ДНҚ зерттеулері арқылы мен туған кезде басқа баламен ауысып кетуім мүмкін екенін анықтады», – деп жазды Жәнібек Савиелев.

Ол анасын іздеуден әлі де үмітті. 

«Менің туған шешем менің оның туған ұлы екенімді білмейтін шығар,  менің оқиғамды естімей жүрген шығар... мүмкін оның 2002 жылдың қаңтарында дүниеге келген баласы мен  шығармын. Ол қазір менің орныма ауысып кеткен баланы туған ұлым деп ойлап жүруі де мүмкін  ғой», – дейді Бельгияда өскен қазақ баласы.

Сондай-ақ асырап алған өгей анасы қазір ауырып жатыр екен.

«Анашым, сен маған керексің. Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Ес білгелі сіз туралы ойламаған сәтім жоқ. Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, бауырлар! Өтінемін, осы видеоны барынша таратыңыздаршы.  Өтінішім туған анама немесе  туыстарыма жетеді деп үміттенемін», – деп жазды ол. 

 Айта кетейік, 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан оған анасын табуға көмектесіп бағуда.