«Қылмыстық іс қозғады»: Бельгиялық Жәнібектің тағдырына қатысты ІІМ орынбасары пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Марат Қожаев пікір білдірді

Скриншот

Бельгиядан анасын іздеп келген қазақ Жәнібек Савельевтің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Жәнібектің оқиғасыны ұқсас қылмыстық істер ІІМ-де жоқ.

«Жәнібек Савельевтің асыралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қай уақытта, қай себеппен шетелге шыққаны анықталып жатыр. Әке-шешесі іздестіріліп жатыр», – дейді Қожаев.

Еске салайық, Жәнібек Савельев күні кеше асырап алған анасы ауыр дертке шалдыққанын айтып, қазақстандықтардан көмек сұраған еді.