Қырғызстандағы жойқын селден 4 қазақстандық баланың мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі уақытта  құжаттар ресімделіп, қажетті жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: ТЖМ Қырғызстан

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы 2 бала – Қазақстан азаматтарының мәйіті табылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп келеді.  
Жақын арада Қазақстан Республикасы Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық 4 баланың мәйіті елге жеткізіледі.