ТЖМ мәлімет берді
Алматы облысында 5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізді.
«Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристтер аман-есен табылды. Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағаттан аса уақытқа созылды. Туристер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - делінген хабарламада.