СҚО-да полиция департаменті госпиталінің басшысы ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін мессенджерлерде госпиталь басшысы пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тараған болатын

Фото: Хабар24

Солтүстік Қазақстан облысында Полиция департаменті госпиталінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін мессенджерлерде госпиталь басшысы пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тараған болатын.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке госпиталь басшысының ұсталу дерегін растады.

"Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы билікті немесе қызметтік өкілетін асыра пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді ведомство.