Киевте қастандыққа ұшыраған қазақстандық белсенді Айдос Садықов көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы оның жұбайы хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық журналист Айдос Садықов түнде ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы оның жұбайы Наталья хабарлады.

Айта кетейік, Садықовқа 18 маусымда Киевте белгісіздер оқ атты, сол сәттен бастап ол реанимацияда жатты. Украинада журналистке қастандық жасады деген айыппен 33 жастағы Мейрам Қаратаев пен 36 жастағы Алтай Жақанбаев ұсталды. Екеуі де Қазақстан азаматы.

Айдос Садықов пен оның әйелі журналист, 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесіне ие. Онда ерлі-зайыптылар 1 миллионнан астам жазылушысы бар «Бәсе» оппозициялық YouTube арнасын ашты. Басылымның Telegram-да 59 мыңнан астам жазылушысы бар.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өткен жылдың қазан айында Наталья мен Айдос Садықовтарға іздеу жариялаған.