Экс-министрдің түрмеде төбелескені жайлы ақпарат тарады
Әлеуметтік желілерде Астана қаласының тергеу изоляторында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев төбелескені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Түрмеде қамауда отырғар бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен М.А. арасында тұрмыстық кикілжің туындап, оның соңы төбелеске ұласып кеткен. Бұл туралы «Кримнальный Қазақстан» телеграм-арнасы жазды.
Дереккөз сотталушы Бишімбаев жанжал кезінде сол камерада отырған 1986 жылы туған басқа сотталушының денесіне көптеген дене жарақаттарын салғанын жазады.
Алайда адвокаты Лейлә Рамазанова бұл ақпаратты теріске шығарды.