Оқиғаға қатысты ҚАЖК өкілдері пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде Астана қаласының тергеу изоляторында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев төбелескені туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін «Криминальный Қазақстан» телеграм-арнасы түрмеде қамауда отырған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен М.А. арасында тұрмыстық кикілжің туындап, оның соңы төбелеске ұласып кеткенін хабарлаған болатын.
Алайда адвокаты Лейлә Рамазанова бұл ақпаратты теріске шығарды.
Айта кетейік, сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.