ШҚО-да әйелге найзағай түсіп, қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Әйел бақташы болып жұмыс істеген

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында найзағай әйелді өлтірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

YK.kz хабарлауынша, әйел бақташы болып жұмыс істеген. Оның қасында болған екі жылқы да тіл тартпай кеткен. Әйелдің 1979 жылы туғаны белгілі болды.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Глубокое ауданы Черемшанка ауылынан 5 шақырым жерде болған.

Әзірге мемлекеттік органдардан ресми түсініктеме жоқ.