Полиция оқиға туралы түсініктеме берді
Алматы облысы Есік қаласында белгісіз ер адам жас жігітті 12 жерінен пышақтап өлтірді. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Белгісіз ер адам Toyota RAV4 көлігінде келе жатып, жолда 1995 жылы туған жас жігітке 12 рет пышақ сұққан. Салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиға туралы түсініктеме берді.
«Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.