Астанада 2 жасар бүлдіршін 10-қабаттан құлап кетті

Qaz365.kz редакциясы

Ол басынан жарақат алған.

Фото: astanatv.kz

Астанада екі жасар бала 10-шы қабаттан құлап кетті. Қазір бүлдіршіннің жағдайы орташа, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана телеарнасының мәліметінше, бала терезе торына жармаса құлаған. Абырой болғанда, жедел жәрдем бригадасы тез жетіп, аман алып қалды.

"Басынан жарақат алған. Біз хирургиялық мәселелерді шештік. Өкпесіне, іш құрылысына зақым келген. Қазір жағдайы қалыпты. Бізде шамамен 10 күн жатты. Кейін неврология бөліміне ауыстырдық. Терезеден құлау фактілері жаз мезгілінде, әдетте, жиілейді", - деді №2 Қалалық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Баймулдин.