Ол ауруынан айыға алмай қаза тапқан еді
Бас прокуратура Маңғыстау облыстық полиция департаментінің істі тоқтата тұру туралы шешімінің күшін жойып, оны Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөліміне («кісі өлтіру») ауыстырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген Маңғыстау облыстық полиция департаментіне полиция органдары басшыларының қызметін бағалау туралы мәселені қарау үшін прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Еске салайық, былтыр қаңтарда 11-шағын аудан 41-үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның үстіне диван құлаған. Салдарынан 39 жастағы азамат 8 ай бойы ауруханада жатып, ауруынан айыға алмай қаза тапты.
Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда кінәліні таба алмай, іс тоқтап қалған.