Қарғалы ауылының тұрғыны таңғы сағат 6:00-де мал жаюға шығып кеткен
7 шілдеде сағат 18:02-де Алматы облысы Жамбыл ауданында облыстық ТЖД құтқарушылары 1970 жылғы шопанның мәйітін тауып, судан алып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, мәйіт қойшы жоғалып кеткен Қарғалы ауылынан 4 шақырым жердегі Ұзын-Қарғалы өзенінің таулы аймағынан табылған.
Іздестіру жұмыстарына 10 қызметкер мен 4 бірлік техника, оның ішінде 1 ұшқышсыз ұшу аппараты, 1 жүзу құралы және 1 Алматы облысы ТЖД кинологиялық бөлімшесі, 6 құтқарушы, 1 бірлік техника және 1 ҚР ТЖМ РҚКО кинологиялық есебі, 4 қызметкер және 1 бірлік полиция департаменті техникасы, 5 жергілікті тұрғын жұмылдырылды.
Еске салайық, 2024 жылдың 25 маусымында сағат 19:30-да таулы аймақта 1970 жылы туған азамат таңғы сағат 6:00-де мал жаюға шығып, қайтып оралмаған.