Қостанай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіледі

Фото: depositphotos.com

Рудныйдағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне тиесілі «Соколовская» шахтасында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жарылыс жұмыстарынан кейін 280 метр деңгейінде тау массасының қабыршақтанған бөлігі жер қазып жатқан жұмысшыға құлаған.

"Ол жарақат алып, қайтыс болды.  «ССКӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы қаза тапқан адамның отбасына көңіл айтады. Отбасына қажетті көмек көрсетіледі”, – делінген хабарламада.

Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіледі.