Аудан әкімі жас батырға алғыс хат табыстап, соңғы үлгідегі iPad смартфонын сыйға тартт
Алматы облысы Талғар Ауданының әкімі Танат Айдарбеков суға батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарған Серікжан Ботанды қабылдап, марапаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Аудан әкімі бүгінгі күннің батырына тұрғындар мен өз атынан алғыс айтты.
«Серікжан Ботан кішкентай баланың өмірін сақтап қалды. Кешегі күн ел тұрғындарының есінде ұзақ сақталады. Серікжан Ботан адам сенгісіз ерлік пен батылдық танытып, қауіпті жағдайға тап болған кішкентай баланың өмірін сақтап қалды.Ержүрек адамға осындай ерлік істе қиындық жоқ», – деді аудан басшысы Танат Айдарбеков.
Аудан әкімі жас батырға алғыс хат табыстап, соңғы үлгідегі iPad смартфонын сыйға тартты.
«Баға жетпес адамгершілік қасиеттеріңіз үшін және баланы аман алып қалғаныңыз үшін алғыс айтамын, сізге және сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат және бейбіт өмір тілеймін», - деді әкім.
Аудан әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, күн сайын Алматы облысының су қоймаларында профилактикалық рейдтер өтіп, оған жеке құрамның 66 адамы мен 11 техника тартылады.