Алматыда қоқыстың арасынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Алматы қаласы ПД аталмыш фактіні растады

Фото: zakon.kz

Алматыда жаңа туған нәресте өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Криминальный Казахстан" Telegram-арнасындағы мәліметке сүйенсек, 14 шілдеде "Green Recycle" ЖШС зауытында қоқысты сұрыптау кезінде кәсіпорын қызметкерлері конвейерлік желіде қоқыс пакетіне оралған баланың денесін тапты.

Алматы қаласы ПД аталмыш фактіні растады.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы және басқа жағдайлар анықталуда. Сараптама тағайындалды", – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.