Сот Әйгерім Тілеужанның шағымын қарастырды
15 шілдеде Жоғарғы сот Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотталған Әйгерім Тілеужанның шағымын қарастырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
2023 жылдың 11 шілдесінде Алматы сотының үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Әйгерім Тілеужанның үкімі еш өзгеріссіз қалды.
Сот отырысы WhatsApp арқылы онлайн режимінде өтті. Бұл бақылаушылар мен БАҚ өкілдеріне процесті толық тыңдауға мүмкіндік бермеді.
Айта кетейік, 2023 жылы 11 шілдеде Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайда тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен Әйгерім Тілеужанды төрт жарым жылға бостандығынан айырған.