Алматы облысында ірі өрт болды

Qaz365.kz редакциясы

Өрттің себебі анықталып жатыр

Фото: ТЖМ

Алматы облысының өрт сөндірушілері ірі өртті сөндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Іле ауданында құрылыс қоқысы өртеніп, оның алауы жеке тұрғын үйге және салынып бітпеген ғимараттың шатырына ауысқан.

«398 шаршы метр алаңдағы өрт ТЖМ қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында толықтай сөндірілді Зардап шеккендер жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрттің себебі анықталып жатыр.