«Субұрқақ дұрыс жұмыс істеп тұр»: Саясат Нұрбек ҚазҰУ субұрқағында көз жұмған жасөспірім жайлы айтты

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға болғаннан бері бір айға жуық уақыт өтті

Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақта қаза тапқан жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Өкінішке қарай, қазір ресми медициналық сараптаманың қорытындысын алған жоқпыз. Күніне екі рет менің әріптестерім Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясына медициналық сот сараптамасының дайындығына қатысты хабарласып отырады. Біз бұл мәселені ұмытып кеткен жоқпыз. Осы қорытындыны күтуіміз керек. Ал субұрқақ штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық техникалық мәселе қайта тексерілді. Субұрқақ дұрыс жұмыс істеп тұр, тек сот медициналық сараптаманы күту керек», - дейді министр.

Еске салайық, 19 маусымда мектеп түлегі университетке ҰБТ тапсыруға келген. Алайда техникалық себептерге байланысты емтихан тапсыру мерзімі кейінге шегерілген. Ал бозбала бірден үйіне қайтпай, ЖОО алдындағы субұрқаққа шомыла кетуді жөн көреді. Бірнеше бала болғанымен, субұрқаққа біреуі шомылып көз жұмды.