Ақмола облысында мектеп жанынан студенттің денесі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға Қосшыда болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Колледж студентінің денесі 15 шілдеде табылған. Тұрғындардың айтуынша, жасөспірім жекеменшік мектептен шамамен 60 метр қашықтықта орналасқан ферма ғимаратындағы металл құрылымға асылып қалған.

Полиция оның мұндай қадамға неге барғанын анықтап жатыр.

«17 жастағы жігіт – Астана тұрғыны, бірақ өзі Көкшетауда білім алады екен.Тергеу басталды. Қазір полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – делінген Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркелді.

Прокурорлар жас жігіттің 14 шілде күні кешке суицид жасағанын алға тартады. Ал полицияға қоңырау 15 шілдеге ауған түні хабарланған.