Алматыда «Барахолка» базарындағы қойманың бірі өртенді

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Видеодан скриншоттар

Алматыда Алатау ауданындағы қойманың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі люстралар сақталған екі қабатты қоймада өрт шыққанын растады.

«Дәл қазір Алматы қаласының құтқарушылары Алатау ауданындағы қойманың бірінен шыққан  өртті сөндіруде», - деп хабарлады ТЖМ.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.