Қыз зорлады деген күдікпен сотталған экс-полиция бастығы сотқа шағым түсірді

Qaz365.kz редакциясы

Сот Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын

Фото: facebook.com/Марат Күштібаев

Кабинетінде қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев үкіммен келіспей, сотқа апелляциялық шағым түсірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жетісу облыстық сотына Марат күштібаевтың апелляциялық шағымы түсті», - деп растады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл сәуір айында Талдықорған қалалық соты полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын.