Қуандық Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберілді

Qaz365.kz редакциясы

Ол 8,5 айдан кейін түрмеге кетті

Qaz365.kz коллажы

Сотталған экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Сотталушы сот үкіміне сәйкес, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберілді. Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

Кодекске сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.