Полиция департаменті бұл ақпаратты растады
Әлеуметтік желіде Алматы қаласы №1 емханасының жанында әйел адамның киімсіз мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.