«Майқайыңалтын» АҚ тау-кен ауданында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Майқайыңдағы апаттан 7 ай өткенде жер астына түсіп кеткен автобус қалдықтары табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Майқайыңалтын» АҚ тау-кен ауданында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
«24 шілде күні кешке қазу жұмыстары барысында құтқарушылардың автобусы табылды. Жаңбыр мен желге байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде. Бүгін таңғы сағат 05:00-ден бастап іздеу жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы жағын анықтау мүмкін болды, бампер мен доңғалақтары көрінді», - делінген хабарламада.
Төртінші құтқарушы – 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылмаған.
Еске салайық, 19 шілдеде құтқарушы – 36 жастағы Айдос Шәймерденнің денесі апаттан кейін 7 ай уақыт өткенде табылған.