Марат Әйтенов: Данадан айғай-шуды тоқтатуды сұраймын

Qaz365.kz редакциясы

Ол хаттарды Дос Әтешовпен 2021 жылдың тамызында алмасқан

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол Астанадағы Парасат 16 мекенжайындағы үйді кезінде Данаға бермек болғанын, алайда оның өзі бұл келісімге келмегенін айтады.

«Дана Әтешованың сұранысын қанағаттандырып, оған Парасат 16 мекенжайындағы үйді рәсімдеуге байланысты менің бұрын жариялаған кейбір құжаттарым мен берген түсініктемелеріме қарамастан, қоғамда осы сұрақ әлі де талқыланып жатыр. Шамасы, Дананың жасаған мәлімдемелері әлі де қоғамдық санаға әсер етсе керек. Мен бұл жағдайды тағы бір рет түсіндіруге тырысайын. Досым Әтешовпен әңгімемнің видеоскриншотын салайын. Бұл Дана Әтешованың туған ағасы», - деп жазады Марат Әйтенов.

Оның хабарлауынша, аталған бұл хаттарды ол Дос Әтешовпен 2021 жылдың 30 және 31 тамызында алмасқан. 

«Әңгіме мен хат алмасудан менің Дананың, балалардың немесе Достың атына Парасат 16 үйін рәсімдеуге дайын екенімді көруге болады. Бірақ Әтешовтардың Парасат 16 үйінің иесі болу тілегін орындау үшін менің дайын болғаным мен ерік-жігерім жеткіліксіз. Ол үшін Әтешовтар кемі келіп, барлық тиісті құжаттарға қол қоюы керек. Бірақ олар мұны істемеді, тек өздеріне түсінікті себептермен, аз дегенде ақылға қонымсыз әрекеттерге көшті. Сондықтан Дана мен оның ағасынан айғай-шуды, Парасат 16 мекенжайындағы үй бізге берілмеді дей беруді тоқтатуды сұраймын», - дейді ол.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің үстінен бұған дейін қылмыстық іс қозғалған еді. Биыл 15 шілде күні таңертең Астана соты Әйтеновтің бұрынғы жұбайына және олардың ортақ балаларына күш қолданғаны үшін 5 тәулікке қамалғанын хабарлаған. Әйтеновтің үстінен Әтешоваға дене жарақатын салғаны үшін (Әйтенов айтып отырған Парасат 16 мекенжайындағы үйден шығару кезінде) қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Дана Әтешова Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Марат Әйтеновтің ағасы Мұрат Әйтенов оны және олардың ортақ балаларын үйден күшпен шығарғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әйел мен жас балаларды қорғау үшін құқық қорғау қызметкерлері тарапынан ешқандай шара қолданбаған.