Майқайыңдағы апат: жер астына түсіп кеткен төртінші адамның мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Автобус жүргізушісінің денесі табылды

Фото: Павлодар облысы ТЖМ

Бүгін, 25 шілде күні Павлодар облысы Майқайың ауданында алты ай бұрын жер астына түсіп кеткен автобустағы төртінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«2024 жылдың 25 шілдесінде сағат 16:05-те 75 метр тереңдікте автобус жүргізушісінің денесі табылды», - деп хабарлады ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 19 шілде күні осы жерден 36 жастағы құтқарушы Айдос Шәймерденнің денесі  табылған болатын. Бұл автобус 2024 жылдың 4 қаңтарында жер астына түсіп кеткен болатын.