Балаларын пәтерде қалдырған: Қостанайда әйел адам сегізінші қабаттан секіріп кетті

Qaz365.kz редакциясы

Таңертеңгі уақытта терезесінен секірген

Фото: ашық дереккөзден

Оның үйінде екі баласы қалған. Күйеуі бұл уақытта балық аулауда болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі tobolinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Быковского көшесі, 3а мекенжайындағы көпқабатты үйде болған. Агенттіктің мәліметінше, таңғы 10:00 шамасында әйел 8-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Оның пәтерінде екі бала қалған: бір айлық сәби және екіншісі 2017 жылы туған бала.

Бұл уақытта күйеуі балық аулауда болған.

Жедел жәрдем станциясынан алынған ақпаратқа сәйкес, оқиға орнына келген дәрігерлер биологиялық өлімді тіркеген.