Балалар қазір ауруханада
Қызылордада газдың жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирады. Төрт бала зардап шекті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«28 шілдеде сағат 19:56-да Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасының ағуы салдарынан қирау орын алды. 4 жасөспірім зардап шекті», - деп хабарлады Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта олар облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімінде.