Алматыда зейнеткерлерді өлтіріп, үйімен өртеп жіберген

Qaz365.kz редакциясы

Қайтыс болғандар қарт ерлі-зайыпты екені белгілі болды

Фото: depositphotos.com

Алматыда жекеменшік үйдегі өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды хабарлайды Qaz365.kz.

Қайтыс болғандар қарт ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер ер адам өртке дейін қаза тапқан. Әйелінің өлімінің себебі әлі жарияланған жоқ.

"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал мен араздық қылмысқа себеп болған. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.