Бурабайға демалуға барған 19 жастағы бойжеткен көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Ол алған дене жарақатынан ауруханада қайтыс болды

Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Ақмола облысында квадрацикл жол апатына ұшырап, бойжеткен көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 27 шілдеде Бурабай курортында болған.

Анықталғандай, Астанадан Бурабайға демалуға келген екі қыз жергілікті жалға беру пункттерінің бірінде "X5 Classic" маркалы квадроциклін жалға алған.

Курорт аумағындағы жолдың бұрылысында квадрациклді басқарған 19 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аударылған.

Салдарынан артқы жақта отырған жолаушы қыз алған дене жарақатынан ауруханада қайтыс болды.