Таразда жақында түрмеден шыққан ер адам үйімен қоса әйелін өртеп жіберген

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті оқиға орнына жақын жерде өлі күйінде табылған

Видеодан скриншоттар

Таразда ерлі-зайыптылар арасында жаннжал шығып, екеуі де ажал құшты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"54 жастағы ер адам жақында жазасын өтеу мекемесінен босап шыққан. Әйелімен тұрмыстық жанжал кезінде үйді өртеп жіберген. Келіншек алған күйіктерінен ауруханада қайтыс болды", - деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Полицияның хабарлауынша, күдікті оқиға орнына жақын жерде өлі күйінде табылған. Қазір сот медициналық сарапатамалар жасалып жатыр.