Алматыда полиция автобусы жол апатына ұшырады

Qaz365.kz редакциясы

Алматы полициясы жол-көлік оқиғасы туралы түсініктеме берді

Фото: Facebook/Евгений Мухамеджанов

Алматыда 2024 жылдың 1 тамызында таңертең ішкі істер министрлігінің автобусының қатысуымен ЖКО орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тағы бір куәгердің айтуынша, бір адам ми жарақатымен ауруханаға жатқызылған.

"Менің үйімнің жанында жантүршігерлік апат болды. Үлкен полиция автобусы қиылыста жеңіл көлікті соғып кетті. Бір минуттан кейін көліктің жанында көп болған полицейлердің айтуынша, жігіт бағдаршамның жыпылықтаған "сары" түсінде қиылысын аяқтаған. Ал, автобус уақытынан сәл ертерек қозғалған. Жігіттің қан-жоса болса да, тірі қалғаны қуантады", – деп жазды Евгений Мухамеджанов Facebook-тегі парақшасында.

Алматы полициясы жол-көлік оқиғасы туралы түсініктеме берді.

"Бүгін таңғы сағат 07:40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орын алған мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметтік көлігінің қатысуымен болған ЖКО фактісі бойынша тергеу басталды. Апат салдарынан Suzuki маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол қаланың ауруханаларының біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының басқа да жағдайлары анықталуда", – делінген түсініктемеде.

Фото: Facebook/Евгений Мухамеджанов