Семейде 2 жасар бала 9-қабаттың терезесінен құлап кетті. Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz. ТЖМ тағы да еске салады: бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз; терезелерге блокаторларды орнатыңыз; терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз; москит торлары құлап кетуден сақтамайды.