Балабақшадағы сұмдық: Алматыдағы балабақшада кішкентай қызды екінші балақай жарты сағат бойы ұрған

Qaz365.kz редакциясы

Аталмыш оқиғаға қатысты полиция тексеріс жүргізеді

Фото: ашық дереккөзден

Алматының №47 бөбекжайында күндізгі ұйқы кезінде әлі тілі шықпаған кішкентай қызды екінші балақай жарты сағат бойы ұрған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталмыш оқиғаға қатысты полиция тексеріс жүргізеді.

Қыздың анасы жарты сағат бойы балалардың қараусыз қалғанын, бөлмеге балабақша қызметкерлерінің кірмегенін айтып, шағымданды.

Алматының білім басқармасы мониторинг тобы құрылғанын хабарлады.

«Оқиға кезінде тәрбиеші әдістемелік қызмет құжаттарын дайындауға байланысты жатын бөлмесінде болмаған. Балабақша әкімшілігі тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша жоспардан тыс өндірістік кеңес өткізді. Тәрбиеші мен оның көмекшісіне қатысты қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды», - деп хабарлады әкімдік.

Полиция департаменті балабақшадағы бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, тексеру жүргізуде.