Журналист Думан Мұхамедкәрімге сот үкімі шықты

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін прокурор Мұхаммедкәрімді жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған

Фото: ашық дереккөзден

Журналист Думан Мұхаммедкәрімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот үкімі онлайн оқылды. Қорғаушылар соттан үкімге түсініктеме беруді сұраған, алайда эфир үзілген.

Қонаев қалалық сотының үкімімен журналист кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Журналист үкім бойынша сонымен қатар, үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналыса алмайды. Оған «экстремизмді қаржыландырып, тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деп айып тағылған еді.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор Думан Мұхаммедкәрімді жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы журналистке қоғамдық-саяси қызметке үш жылға тыйым салуды талап етті.