Әзілі үшін қамалған белгілі стенд-ап комик бостандыққа шықты

Qaz365.kz редакциясы

Әзілкештің өзі әлеуметтік желіде бостандықта екенін жазды

Фото: merkul_standup

Қазақстандық танымал стенд-ап әзілкеш Александр Меркуль 10 тәулік қамауда отырып шықты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Соттың шешіміне сүйенсек, ол 2024 жылғы 7 маусымында мейрамханалардың бірінде бейәдеп сөздер қолдана отырып айтқан әзілі үшін  10 тәулікке қамалған болатын.

Әзілкештің өзі әлеуметтік желіде бостандықта екенін жазды.

«Мен үйдемін. Қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет», – деп жазған ол.