Ақмола облысында бір отбасы түгелдей суға кетті

Qaz365.kz редакциясы

Қатты жел мен толқын салдарынан отбасы түгел суға батып кетті

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысының ТЖД мәліметінше, отбасы Астанадан Арнасай су қоймасына демалу үшін келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар шомылуға арналмаған жерге жайғасқан. Қызы суға батып бара жатқанын көрген әкесі мен ағасы оны құтқаруға секірген. Артынша анасы да құтқаруға бекінген. Алайда қатты жел мен толқын салдарынан отбасы түгел суға батып кетті.

“1980 жылғы әйел мен 2001 жылғы қыздың денесін куәгерлер алып шыққан. 1977 жылғы және 2000 жылғы ер адамдардың денелерін іздестіруге Ақмола облысы мен Астана қаласының ТЖД қызметкерлері жұмылдырылған”, - делінген хабарламада.