Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс Жоғарғы соттың қарауына түсті

Qaz365.kz редакциясы

Іс Жоғарғы соттың қарауына жіберілді

Фото: Jogargy_sot

Әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айып тағылған Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс Жоғарғы Соттың қарауына жіберілді, деп  хабарлайды Qaz365.kz.

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс Жоғарғы соттың қарауына жіберілді.

Айта кетейік, бұған дейін Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.