Қазақстан азаматы Таиландта суға батып кетті

Qaz365.kz редакциясы

ҚР СІМ ақпаратты растады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан азаматы Пхукет аралында суға батып мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Novostiphuketa.asia сайтының ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 31 шілде күні Карон жағажайында болған. Пхукетке ұшып келе салысымен бірден шомылмақ болған 57 жастағы Қазақстан азаматы суға батып кеткен.

«Оқиға жайлы хабарлама Карон полиция учаскесіне сағат 14:20-да жедел жәрдем орталығынан келіп түскен. Қазақстандық турист Евгений Сапогов (57 жаста) орналасқаннан кейін бірден қонақ үй алдында теңізге батып кетті. Ер адам Пхукетке ұшып келгеннен кейін 60 күнге виза алған. Бірақ, бір күн қонбастан мерт болды», - деп жазылған ақпаратта.

ҚР СІМ бұл ақпаратты растады.